Жаңа дерек Алматыда көп тіркелді. Қалада бір тәулікте 105 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Ал қалған өңірлердегі жаңадан тіркелген дерек саны жүзге жетпейді.
Өңірлердегі бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 25 228(+68);
Алматыда — 25 280(+105);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 143(+49);
Атырау облысында — 17 240(+35);
Павлодар облысында — 17 773(+79);
Қарағанды облысында — 15 506(+46);
Ақмола облысында — 13 802(+69);
Батыс Қазақстан облысында — 13 118(+64);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 410(+25);
Қостанай облысында — 12 497(+61);
Алматы облысында — 10 965(+51);
Шымкентте — 6 183(+12);
Жамбыл облысында — 5 970(+9);
Түркістан облысында — 4 294(+6);
Маңғыстау облысында — 4 243(+12);
Ақтөбе облысында — 4 285(+12);
Қызылорда облысында — 3 869(+14).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 214 806-ға жетті, оның 198 726-ы жазылып шықты. 2 777 науқас қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
1 наурыздағы мәлімет бойынша 65 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 221 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 372 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған, оның 42 741-і аурудан айықты, 630-ы қайтыс болды.
