Түркияда наурыздан бастап COVID-19 шектеулері жеңілдейді

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Бүгінде Түркияда жұмыс күндері және жұма мен дүйсенбі аралығында 21.00-ден 5.00-ге дейін комендант сағаты енгізілген. Одан бөлек, Түркияда маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау режимі бар.

Мейрамхана, кафе, түнгі клубтар мен басқа да көңіл көтеруге арналған мекемелер жабық, қоғамдық тамақтану орындары жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді.

Коронавируспен күрес динамикасын ескере отырып, наурыздан бастап шектеуді біртіндеп жеңілдетуді бастаймыз. Біз өңірлерді төрт санатқа бөлдік. Осы топтар бойынша жеке-жеке шешім шығарылады, — деді Режеп Тайип Ердоған.

Президенті сонымен бірге алдағы күндері мейрамхана, кафе және басқа да мекемелерді ашуға арналған жол картасы қабылданатынын айтты.

Оның сөзінше, Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина 5,5 миллион адамға салынған.