Жаңа дерек Павлодар облысында көп тіркелді. Өңірде кейінгі тәулікте 100 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 23 983(+99);
Алматыда — 23 836(+91);
Шығыс Қазақстан облысында — 21 321(+69);
Атырау облысында — 16 774(+38);
Павлодар облысында — 16 511(+100);
Қарағанды облысында — 14 838(+60);
Ақмола облысында — 12 788(+79);
Батыс Қазақстан облысында — 12 245(+74);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 922(+40);
Қостанай облысында — 11 576(+70);
Алматы облысында — 10 216(+36);
Шымкентте — 6 022(+6);
Жамбыл облысында — 5 782(+10);
Түркістан облысында — 4 223(+4);
Маңғыстау облысында — 4 170(+5);
Ақтөбе облысында — 4 112(+10);
Қызылорда облысында — 3 736(+5).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 204 055-ке жетті, оның 187 545-і жазылды. 2 664 науқас қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
15 ақпандағы мәлімет бойынша 66 дерек тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 235 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны – 48 766, қайтыс болғандар – 604, жазылып шыққандар – 39 713.
