АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа Джо Байденнің инаугурациясына дейін Шотландияға келуге тыйым салынды, — деп хабарлайды Daily Mail.
БАҚ Дональд Трамптың Эйрширдегі өзінің «Тернберри» гольф-клубына баруды жоспарлағанын жазды. Ол Джо Байденнің ант қабылдауынанан бір күн бұрын — 19 қаңтарда Шотландияға ұшуы керек еді.
«Мен Дональд Трамптың келудегі мақсаты не екенін білмеймін. Біз адамдарға Шотландияға қандай да бір мақсат болмаса, келуге рұқсат етпейміз. Бұл басқаларға қалай қатысты болса, оған да қатысты. Гольф ойнауға келу маңызды себеп емес деп есептеймін», — деді премьер-министр Стерджен.