Қазақстанда бір тәулікте  686 адамнан COVID-19 анықталды

Жаңа дерек Алматыда көп тіркелді. Қалада 107 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ал қалған өңірлердегі дерек саны жүзге жетпейді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 23 884(+53);
Алматыда — 23 745(+107);
Шығыс Қазақстан облысында — 21 252(+85);
Атырау облысында — 16 736(+25);
Павлодар облысында — 16 411(+80);
Қарағанды облысында — 14 778(+30);
Ақмола облысында — 12 709(+72);
Батыс Қазақстан облысында — 12 171(+47);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 882(+37);
Қостанай облысында — 11 506(+71);
Алматы облысында — 10 180(+49);
Шымкентте — 6 016(+7);
Жамбыл облысында — 5 772(+8);
Түркістан облысында — 4 219(+4);
Маңғыстау облысында — 4 165(+3);
Ақтөбе облысында — 4 102(+4);
Қызылорда облысында — 3 731(+4).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 203 259-ға жетті, 186 494 адам емделіп, сауығып шықты.