Абель Санчес Головкиннің келесі жекпе-жегі туралы айтып берді

FightSpace-ке берген сұхбатында «Бұл жөнінде промоутеріміз Том Леффлерден сұрағанымда Golden Boy-дан Оскар және Эрик Гомеспен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Бұл іс әлі жалғасып жатыр. Бірақ нақты шешім әлі қабылданбады», — деді Абель Санчес.

Головкиннің келесі қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін.

«Джейкобсты орта салмақта әлемдегі екінші үздік боксшы деп санаймын, ал бірінші — Головкин. Джейкобс Дмитрий Пирогтан жеңілгеннен кейін сегіз қарсыласын нокаутқа жіберді. Рас, ол соққысы күшті, қауіпті қарсылас. Бірақ Головкинге осындай жігіттермен жұдырықтасуы керек. Әрине, олар келісіп жатса… Өкінішке орай, көбісі Геннадиге қарсы айқасқысы келетінін айтқанмен, іс жүзінде келісімшартқа қол қоймайды», — деді жаттықтырушы.

Ал Канело туралы Геннадий Головкиннің өзі Los Angeles Times-қа берген сұхбатында «Канело маған айқастан қашу үшін аз ақша ұсынады» деп айтқан болатын.

ДереккөзVesti.kz