Басты бетМедицинаҚазақстанда бір...

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 12 адам қайтыс болды

Кеше  12 адам коронавирустан қайтыс болды. Пневмония кесірінен қайтыс болғандар туралы дерек тіркелмеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

9 ақпандағы мәлімет бойынша, 26 380 адам короновирус инфекциясынан (16 376 КВИ+ және 10 004 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 5 560 пациент стационарда, 20 820 науқас амбулатория деңгейінде, — делінген хабарламада.

Коронавирус және пневмония жұқтырғандардың 261-ы ауыр жағдайда, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр. 41 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.