Nur Otan партиясынан үміткерлер ауыл тұрғындарына жасалатын жағдай туралы баяндады

Түске дейін ҚР Парламенті Мәжілісіне кандиттар ҚР Белгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Айгүл Құспан, журналист, көпбалалы ана Әлия Әбсеметова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев және  Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаев сияқты өкілдер партияның бағыты айқын бағдарламаларын түсіндірді. Сонымен қатар Nur Otan аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қаныбек Айтжанов бастаған өзге де облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іле ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Алғашқы сөз алған  Айгүл Сайфоллақызы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бірқатар бағыттарға тоқталып, еліміздің сыртқы саясатындағы жұмыстары жайлы айтты. Сонымен қатар  пандемия кезіндегі қиындықтар, шетелдегі азаматтарымызға көмек беру, Бельгия сияқты мемлекетте сайлауға келмесе, айыппұл салатындығын тілге тиек етіп, қызықты ақпаратпен бөлісті.  Қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі келеңсіз жағдайлар ел тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екенін де атап өтті. Тұрғындар  «Алматы – Бішкек» тасжолының  бойындағы кептеліс мәселесін көтерді. Бұл сұраққа осы салада тәжірибесі мол Ержан Бәкірбайұлы нақты жауап беріп, жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын түсіндірді. Нақтырақ айтқанда, бұл күре жолдың жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылып жатуындағы себеп алғашқы сметалық жобалау жоспарының дұрыс құрылмағандығында екен. Қазіргі таңда кеткен олқылықтардың орны толтырылып, жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Іле ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Түстен кейін үміткерлер Береке ауылының Мәдениет үйінде ауылдың жұртшылығымен жүздесті. Мұнда  сөз алған тоғыз баланың анасы, кандидат  Әлия Маратқызы азаматтық қоғам құрамыз деген жалынды сөздермен еліміздің дамуына, проблемаларды шешуге бәріміз белсенді атсалысуымыз керегін көтерді.  Оған қоса, облыс,  аудан деңгейінде атқарылған ауқымды істер жайлы айтты.

Кездесу барысында тұрғындар арасынан сұрақтар қойылды. Мәселен, елтайлық блогер Әлия Сәтпаева ауылдарындағы спорт алаңы мен интернет желісінің әлсіз екендігі жайлы айтып өтті. Үміткерлер бұл мәселені назарға алатындықтарын  айтып, бақылауда болатындығын жеткізді. Жиынға қатысқандар  10 қаңтар күні сайлау учаскесіне міндетті түрде барып, өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.

Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Алматы облыстық Қарасай аудандық штабының сайлау қорынан төленді.