Солтүстік Қазақстан облысында 4 ауыл карантинге жабылды

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, бұл шаралар облысты коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шығару үшін қабылданған.

Комитет мәліметінше, 7 желтоқсаннан бастап Есіл ауданында Явленка ауылы, ал 3 желтоқсаннан бастап Ясновка ауылы қайтадан карантинге жабылды. Жұмабаев атындағы ауданда коронавирусқа байланысты Таман және Успенка ауылдарында да шектеу шаралары енгізілді.

Ведомство мәліметінше, пандемия басталғалы Солтүстік Қазақстан облысындағы барлығы 11 елдімекен карантинге жабылған.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта, мұнда карантин шектеулері қатаң сақталуға тиіс.

Кейінгі тәулікте өңірде 68 адамнан коронавирус анықталды, бүгінге дейін барлығы 7 014 науқас тіркелді.

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да