Басты бетМедицинаҚазақстанда коронавирус...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандары саны 137 мыңға жуықтады

6 желтоқсанның қорытындысы бойынша COVID-19-дың жаңа дерегі елдің барлық өңірінде тіркелді.

Ең көп науқас Павлодар облысында анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 106 адам инфекция жұқтырды. Шығыс Қазақстан облысында 100, Қостанай облысында 77 науқастың бойында COVID-19 бар екені белгілі болды.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 136 983-ке жетті. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 17 163(+100);
Алматыда — 16 534(+67);
Нұр-Сұлтанда — 16 494(+67);
Атырау облысында — 11 810(+29);
Қарағанды облысында — 11 268(+28);
Батыс Қазақстан облысында — 8 304(+43);
Солтүстік Қазақстан облысында — 7 014(+68);
Павлодар облысында — 7 108(+106);
Алматы облысында — 5 934(+28);
Қостанай облысында — 5 880(+77);
Ақмола облысында — 5 742(+60);
Шымкентте — 5 400(+2);
Жамбыл облысында — 4 532(+16);
Ақтөбе облысында — 3 531(+10);
Түркістан облысында — 3 513(+4);
Маңғыстау облысында — 3 455(+5);
Қызылорда облысында — 3 301(+2).

Коронавирустан жазылғандар статистикасы

Қазақстанда бір тәулікте 621 адам COVID-19-дан айықты:

Нұр-Сұлтанда — 78;
Ақмола облысында — 51;
Алматы облысында — 139;
Атырау облысында — 36;
Шығыс Қазақстан облысында — 103;
Батыс Қазақстан облысында — 12;
Қарағанды облысында — 18;
Қостанай облысында — 117;
Қызылорда облысында — 10;
Павлодар облысында — 17;
Солтүстік Қазақстан облысында — 40.

Елімізде барлығы 120 799-ға адам коронавирустан жазылды.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 14 096 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1 010 бала бар. 3 687 науқас стационарда, 10 409 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 241 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 39 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 33 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония туралы

Өткен тәулікте 33 дерек тіркелді. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 43 106 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, барлығы 30 956 адам сауығып шықты.

Қайтыс болғандар

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 9 науқас қайтыс болды, қуанышқа орай, пневмониядан өлгендер тіркелмеді.

Бүгінге дейін COVID-19-дан 2 088, пневмониядан 454 науқас өлді.