Биыл Қызылорда өңірінде 300 мектептің 225-і жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытудан бастаса, қазір 121 мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істеп жатыр. 40 мыңға жуық бала оқитын 2 мыңнан астам кезекші топ ашылды.
Қашықтан оқытуға қажет мектеп теңгеріміндегі 14 мыңнан астам компьютер оқушыларға берілді. Бюджет қаражаты мен демеушілер есебінен 27 мыңға жуық компьютерлік техника сатып алынды, олар тұрмысы төмен отбасының балаларына табысталды. Апатты мектептерді жою бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жыл басында аймақта осындай 3 мектеп болды. Біз 140 орындық бір мектепті аяқтадық, тағы бір мектептің құрылысы жалғасуда. Келесі жылы үшінші мектептің құрылысын бастаймыз. Жекеменшік мектептердің құрылысы бойынша инвесторлармен жұмыс істеудеміз. Биыл 300 және 500 орындық тағы 2 мектеп салынып жатыр. Жыл сайын осы салаға қаржы салуды арттырып келеміз. Биыл жоғары оқу орындарында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққандар мен ауыл балалары үшін берілетін грант саны 150-ге дейін өсті, – деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.