Басты бетҚоғамҚызылорда өңірінде...

Қызылорда өңірінде өндіріс 9 айда 3,5% артқан

Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру осы жылдың 9 айының қорытындысымен 3,5%, ауыл шаруашылығында 3,1% артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4%-ға (45-тен 47,4 мыңға дейін) өсті, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ облыс әкімі биыл Қызылорда өңірінде 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% артық.

Сонымен қатар өңірде өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі 69,5% болған.

Төмендеудің объектив себептері бар. БЫлтыр бірнеше ірі инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды, олардың үлесіне жылдық инвестициялар көлемінің шамамен 30%-і тиесілі болды. Биыл енгізілген шектеулерге байланысты жалпы экономикаға инвестициялар көлемі қысқарды, бұл құрылыс жұмыстарының көлеміне де әсер етті (50,8%), – деді Гүлшара Әбдіқалықова.