Нұр-Сұлтанда Гүлшара Әбдіқалықованың журналистерге арналған брифингі басталды

Бұл – Гүлшара Әбдіқалықованың облыс әкімі ретіндегі БАҚ өкілдеріне арналған алғашқы брифингі.

Пандемия қалыпты тіршілікке өзгеріс енгізді. Дегенмен Президент қабылдаған шешімдердің арқасында негізгі басымдыққа ие салалардағы көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген жоқпыз, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, облыс әкімі брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді орындау мақсатында жасалған жұмыстар, 2020 жылдың 9 айының қорытындысы мен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталады.