126 182. Қазақстандағы коронавирусқа қатысты статистика

Жаңа дерек елдің барлық өңірінде тіркелді. Кейінгі тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты көп науқас жұқтырды. Шығыс Қазақстан облысында 188, Павлодар облысында 98, Солтүстік Қазақстан облысында 96 науқас анықталды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 126 182-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15 636(+42),
Нұр-Сұлтанда — 15 610(+40),
Шығыс Қазақстан облысында — 15 263 (+188),
Атырау облысында — 11 538(+15),
Қарағанды облысында — 10 957(+20),
Батыс Қазақстан облысында — 7 772(+42),
Солтүстік Қазақстан облысында — 5 619(+96),
Алматы облысында — 5 533(+12),
Шымкентте — 5 330(+2),
Павлодар облысында — 5 580(+98),
Қостанай облысында — 4 776(+77),
Ақмола облысында — 4 624(+61),
Жамбыл облысында — 4 324(+10),
Түркістан облысында — 3 461(+2),
Ақтөбе облысында — 3 448(+8),
Маңғыстау облысында — 3 426(+2),
Қызылорда облысында — 3 285(+1).

Жазылғандар статистикасы

Қазақстанда 514 адам коронавирус инфекциясынан айықты:

Нұр-Сұлтанда — 33,
Алматыда — 153,
Ақмола облысында — 42,
Ақтөбе облысында — 3,
Атырау облысында — 3,
Шығыс Қазақстан облысында — 98,
Батыс Қазақстан облысында — 7,
Қарағанды облысында — 11,
Қостанай облысында — 16,
Павлодар облысында — 31,
Солтүстік Қазақстан облысында — 117.

Елімізде барлығы 112 806 адам COVID-19-дан жазылды.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 386 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 644 бала бар. 3 225 науқас стационарларда, 8 161 адам амбулатория жағдайында ем қабылдап жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың жағдайы ауыр, 22 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония туралы дерек

Өткен тәулікте 44 дерек тіркелді. Бір тәулік ішінде 27 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстан бойыша пневмонияны 41 203 адам жұқтырды, 427 адам қайтыс болды, барлығы 30 086 адам жазылып шықты.