Басты бетҚоғамҚызылордада бала...

Қызылордада бала құқығын қорғау бойынша ашық диалог өтті

Жиынға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі процестерге қатысатын адвокаттар мен заңгерлерден бөлек, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссия мамандары қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі туралы» екі заңға өзгерістер енгізілді.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулардың енгізілу жағдайы Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы» тақырыбында баяндама жасап, заңның балаларға байланысты өзгерістерін кеңінен түсіндіріп өтті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Смат Сейдахметов баяндама жасады.

Сонымен қатар Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кайрат Бержано, облыстық мәслихаттың Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Балалардың құқықтарын қорғау кеңес төрайымы Райкүл Байназарова, облыстық полиция депаратменті жергілікті полиция қызмет көрсету басқарма бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Бақыт Молдабеков, Қызылорда облысының білім сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының орынбасары, балалардың құқықтарын қорғау Уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Айгүл Мырзағалиева, ҮЕҰ басшылары мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры Анар Ізден, «Жомарт» Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Майя Наримова, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов, «Арал балалары» қайырымдылық қорының директоры Құралай Исаева ойын ортаға салып, ұсыныс, пікір бөлісті.

Арал аудандық қамқоршылық және қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын органның маманы Бостандық Сыдықов және №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің әкелер кеңесінің төрағасы Еркебұлан Есенбаев заңдағы өзгерістер туралы пікір бөлісті.