Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі 25 қарашада өтеді

Nur otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс XX съезін 25 қарашада өткізу туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де хабарлады.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылдың 25 қарашасында өткізу туралы қаулыға қол қойды, – деп жазды ол.

Ал Nur Otan партиясы саяси кеңесінің бюросы 24 қарашаға шақырылды.