Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, — делінген құжатта.
Бұл лауызымды бұған дейін атқарған Юсуп Келигов пен Шерзод Пулатов президент жарлығымен қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Қазақстан халқы ассамблеяның төрағасы — Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының бірінші президентi ассамблеяны өмiр бойы басқаруға құқылы. Жансейіт Түймебаев ассамблея төрағасының орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы қызметін атқарады.