Майя Бекбаева Kazakh TV телеарнасына басшы болды

Тележүргізуші Майя Бекбаева «Хабар» агенттігінің Kazakh TV арнасына директор болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының порталы хабарлады.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Семейде дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің халықаралық журналистика факультетінде білім алған.

Еңбек жолын 12 жасында «Пульс времени» газетінде тілші болып бастаған. Телевизияда қызметке 2000 жылы кірісті, Алматыдағы «Шахар» арнасында бас редактор, 2005 жылы алматылық «Таң» телеарнасында тілші, кейін бас редактор болды.

2009-2012 жылдары «Қазақстан», «Жетінші арна» телеарналарында қызмет етті. 2016 жылдан бері «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді.

Kazakh TV —  еліміздегі алғашқы ұлттық спутниктік телеарна. Арна 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet атауымен хабар тарата бастады. 2016 жылы Kazakh TV, «Білім» және «Мәдениет» арналары бірігіп, Kazakh TV атауымен жұмысын жалғастырды. Бүгінде ол мәдениет, тарих, дәстүр мен оның қазіргі заман сабақтастығы туралы хабар тарататын арна. Арна әлемнің 118 мемлекетінде көрсетіледі.