Не болды?
Алматы — Өскемен тас жолы жөнделіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«ҚазАвтоЖол» компаниясының дерегінше, Алматы – Өскемен тас жолының 259 — 287 шақырым аралығындағы бөлігінде, яғни Талдықорған қаласының айналма жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс аясында жол жамылғысы толық жаңарып, жарық тіректері орнатылып, жаңа жол белгілері салынады.
Қазір жұмысшылар 12 шақырымда жаңа асфальт төсеп жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір аймақтағы жолақтың бағытын уақытша өзгерту арқылы реверсивті қозғалыс енді, — делінген хабарламада.
Компания жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау керек екенін ескертті.
Контекст
Естеріңізге салайық, сәуірде бірқатар өңірде жол қозғалысы шектелген еді.
