Кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғады

Алдағы үш тәуліктегі ауа райы — алдымен суық атмосфералық фронттың, сосын оңтүстік циклонының ықпалында болады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті жел соғады.

Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура -3 , +3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде 2 желтоқсанда күндіз жаңбыр жаууы ықтимал.

Оңтүстік-шығыс өңірлерде температура +2-ден +10ºС-қа дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады.

Сондай-ақ, екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде.

Дереккөзkazhydromet.kz