Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші мемлекеттің символдар алеясына қойылды. Туынды авторы Қазбек Сатыбалдин.

Ескерткіштің ашылу салтанаты барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бұл жайттың тарихи маңызын атап өтті.

«Бұл барлық Қазақстан үшін тарихи күн. Бүгін осынау қасиетті жерде Тұңғыш Президент, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш ашып отырмыз. Президентіміздің арқасында біз экономиканың барлық саласында теңдессіз серпіліс жасадық. Тыныштық пен даму символына айналдық», — деді әкім.

Айта кетейік, Елбасыға арналған ескерткіштер бірнеше қалада, сонымен қатар шетелде де бар.

ДереккөзTengrinews