Басты бетҚоғамТүркістан облысында...

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйлер қыс маусымға толық дайын

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2623 бюджеттік мекеме жылу маусымына толық дайындалып, оларға қажетті 167,4 мың тонна көмір отыны және 5 420,6 мың. литр сұйық отынмен толық қамтылған.

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерде жалпы 38 қазандық болса, бүгінгі күнде оның 32-сі жылыту маусымына толық дайын. Ал, қалған 6 қазандықтың күрделі жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 15 қазанында аяқталады. Жалпы облыс бойынша 1475 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 586-сы орталықтандырылған жылумен қамтамысыз етілген. Барлық үйлер 100 пайыз қысқы маусымға дайын, – деді Әбілхан Әскерұлы.

Негізінен жалпы тұрғындардың көмірге деген қажеттілігі 732,2 мың тонна болса, соның 415 мың тоннасы тасымалданған. Теміржол станциясы қоймаларындағы 1 тонна көмір 11 500-16 500 теңге аралығында саудалануда.

Ал, мазут отыны бойынша қажеттілік көлемі 9,6 мың тонна. Бүгінде 15 қазаннан бастап тасымалдау жөнінде тасымалдаушы мекемелермен тиісті келісім — шарт жасалған.

Облыстың жылу беру дайындығына апта сайын және тұрғындарды көмір отынымен қамтамасыз ету бойынша күн сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.