Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен семинар-тренингті облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ашып берді. Аймаққа белгілі журналистер Н.Нұрмахан, А.Тұңғышбаева тренингке қатысушы баспасөз хатшыларына лебіздерін білдірді.
Семинар-тренинг санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 3 секция бойынша ұйымдастырылды.
Оқыту семинарының тренерлері Qyzylorda телеарнасының бас редакторы, «Үштаған» ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі, «Сорос» халықаралық қорының грант иегер Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы, республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті мен «Әлімсақ» журналының бас редакторы, журналист Нұрмахан Нұрлан Көбегенұлы, «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының басшысы, қоғам белсендісі, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Мусаев Ерлан Нұрланұлы өңірдің баспасөз хатшыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық семинар-тренингке қала, аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен аймақтық департаменттердің 60-қа жуық баспасөз хатшылары, өзге де ұйымдар мен мекемелердің PR менеджерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында «Сыр журналистикасының тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.