Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұрқасын соғады

Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын,  жел 15-20, екпіні 23-28 м/с  күшейеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан  облыстарында  жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді,  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан  облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл, Атырау облыстарында көктайғақ болады. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысында кей жерлерде, Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Дереккөзkazhydromet.kz