Бибісара Асаубаева: Ресейге ынтықтығым спорттық киімдерінен басталды

Бибісара Асаубаева Ресей әнұранын естігенде бойын ерекше сезім билейтінін айтты. Жас шахматшының айтуынша, Ресейдің бапкерлері мықты, оған дәлел — кеңестік шахмат мектебі. Ал Бибісараның Ресейге ынтықтығы спорттық киімдерінен басталған екен.

«Маған ресейлік спорттық киім үлгісі ұнайтын. Мен оларға қарап, менде де осындай форма болса ғой деп қоятынмын. Әсіресе, Бразилияда Қазақстанның атынан қатысқан кезімде, бірінші орын алып, марапаттауға шығарда қатты армандадым. Менде әзірге бұл форма жоқ, бірақ Батумиде бірінші орын алып, Ресей әнұранын естігенде бойымды ерекше сезім биледі. Маған бұл әнұран қатты ұнайды», — дейді шын көңілмен жас шахматшы қыз.

Ресей шахматшысы әйелдер арасында шахматтан әлем чемпионы атанып, нағыз шахмат тәжін кигісі келеді. Ал әзірге Бибісара Асаубаеваға кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін Ресей билігі жаңа пәтер берді.

Дереккөзnur.kz