Басты бетҚоғамСооронбай Жээнбеков:...

Сооронбай Жээнбеков: Барлық отандасымнан тыныштық сақтауды сұраймын

Кеше түнде кейбір саяси күштер мемлекеттік билікті заңсыз тартып алу әрекетін жасады. Сайлауды сылтау етіп қоғамдық тәртіпті бұзды. Қала тұрғындарының тыныштығына зиян келтірді. Тәртіп сақшыларына бас имей, медиктерді сабап, ғимараттарды талқылады. Қан төгілмесін, бірде-бір азаматтардың өміріне қауіп келмесін деп күш органдарына оқ атпаңдар деп бұйрық бердім. Мүмкін болған шаралардың бәрін жасадық. Мемлекеттің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы кез келген депутат мандатынан биік. Мен Орталық сайлау комиссиясына заң бұзуларды тергеуді, керек болса, сайлау қорытындыларын жоққа шығаруды ұсындым. Саяси партия көшбасшыларына өз қолдаушыларын тынышталдырып, адамдар шоғырланған жерлерден алып кетуді ұсынамын. Барлық отандасымнан тыныштық сақтап, арандатушы күштерге алданбай, заңсыз қадамға бармауды сұраймын», — деді Қырғызстан президенті.

Еске салайық, Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін наразылық болды. Наразылық білдіруге шыққандар сайлау нәтижесін жоюды талап етті. Олар кейін Ақ үйге басып кірген. Президент пен парламент депутаттары отыратын ғимаратта өрт шықты.

Оппозиция жақтастары бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты түрмеден босатты.

Кейін сайлау қорытындылары жойылғаны хабарланды. Митинг салдарынан бір адам қайтыс болды.