Қызылорда өңіріне 80,4 мың тонна көмір жеткізілді

Қызылорда облысының тұрғындарына биылғы жылу маусымына 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Қазіргі таңда оның 80,4 мың тоннасы өңірге жеткізілді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

Аймақта көмір отынын сақтап, өткізетін 30 көмір жинақтау қоймасы бар. Оның бесеуі қалада, қалғандары аудандарда. Ал 1185 әлеуметтік нысанына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын қажет. Арнайы кесте жасалып, барлығы бақылауға алынған.

Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісімшарт жасау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.