Қызылордада су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Оның 350 миллион теңгесі республикалық, 643,5 миллион теңгесі облыстық бюджеттен қаралған.

Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 70,1 шақырым болатын 10 қауіпті учаскені жөндеу мен арнаны қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 4 учаскеде тиісті жұмыстар аяқталды. Қалғандарында жұмыс жалғасуда, — деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Исмағұлов.

Жалпы бөлінген қаржыға дарияның осал жерлеріндегі қорғаныс бөгеттері нығайтылады. Қыстыгүні мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Қап сатып алынып, тікұшақпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.