COVID-19-дан қайтыс болған медқызметкерлердің отбасы 10 миллион теңгеден алды

Сонымен бірге ауру салдарынан қайтыс болған 24 медицина қызметкерінің туыстары 10 миллион теңгеден алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

COVID-19 немесе пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемдер Нұр-Сұлтанда (393), Алматыда (373), Шымкентте (102), Қарағанды (115), және Ақмола (107) облыстарында көп төленген.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясы немесе пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне  2 миллион теңге, ауру салдарынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 миллион теңге беріледі.