Еліміздің тоғыз өңірінде дауыл тұрады

19 қыркүйекте Ақтөбе облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Атырау облысында кей жерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

19-20 қыркүйекте Алматы облысында түнде кей жерде 1-3 градус аралығында үсік болады.

19 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде кей жерде 1-3 градус аралығында үсік болады.

Батыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауып, күндіз қатты жаңбыр болуы мүмкін.

Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысында кей жерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз желдің екпіні секундына 23 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, ел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысында ел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.