Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде қандай жағдайда карантин шектеулері күшейеді?

Фото: Coronavirus-control.ru

Карантинді күшейту үшін бірнеше критерий бар. Қазақстанда бір күнде 30-35 мың адам ауырып қалса, карантин шектеулері енгізіледі. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш — 4 596 адам. Егер осы көрсеткіш бір күнде 30 мыңға жетсе, онда карантин енгізіледі, — деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 661-ке жетті, науқастардың 94,1%-і (100 409) инфекциядан жазылды. 1 656 науқас қайтыс болды.

Коронавирустың тарауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, қазіргі уақытта COVID-19 инфекциясынан 4 596 адам емделіп жатыр.

Олардың 34-і — бала. Стационарларда 2 523 науқас бар. 2 073 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

137 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.