Нұрсұлтан Назарбаев: Халық шағымын сотқа айта ма әлде президентке хат жазып жүре бере ме?

«Ең негізгі мәселе Қазақстан халқының сотқа деген қарым-қатынасы, көңілі қандай? Көңілі көншіді ме? Барлық мәселелермен сотқа бара ма, әлде әлі күнге дейін президентке хат жазады ма? Мәселе сонда. Біз реформа жасаймыз, өйттік-бүйттік, электронды деп отырмыз. Ең бірінші мәселе – халық сотқа сенуі керек, халық сотқа баруы керек. Баяғыдан келе жатқан бірдеңе болса райкомға бару, обкомға бару, бастықтарға жазу әлі күнге дейін тоқталған жоқ. Осы мәселеге көңіл бөлу қажет», – деді ҚР президенті.

Елбасы тәуелсіздік жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту шаралары жүзеге асқанын атап өтті.

«Онсыз алға жылжу болмақ емес. Бұған дейін атап өткенімдей, жасалған дүние аз емес. Бірақ, біздер атқарған ауқымды жұмысқа қоғам тарабынан берілетін баға соттың қаншалықты әділ болатындығына тікелей байланысты. Адамдар өздерінің проблемаларының шешімін табу үшін  билік дәлізінде әрі-бері жүгірмеуі тиіс. Адамдарды анда-мында доп сияқты қуалай береді.  Жоқ болса – «жоқ» деп, иә болса  – «иә», деп айтудың орнына дәліздерде сенделтіп қояды. Заң бұзылған жағдайда адам барлық өркениетті елдердегідей сотқа барып, онда өзінің құқығы  мен бостандығының сенімді қорғанышын табуы қажет»,- деді Назарбаев.

ДереккөзҚазАқпарат