«Астана» үшінші рет Қазақстан Кубогін жеңіп алды

Қатарынан үш рет Қазақстан чемпионы атанған «Астана» футбол клубының бапкерлері мен ойыншылары салтанатты түрде марапатталды. Маусым қорытындысы бойынша үздік шыққандарға құрмет көрсетілді. Патрик Твумаси «көрермен көзайымына» айналды. Команда сапына биыл қосылған қорғаушы Юрий Логвиненко мықты деп танылды. Марьин Аничичтің еңбегі де ескерілді. Ең үздік гол соққан Али Ибраими, еңбегі сіңгендер Таңат Нөсербаев пен Дмитрий Шомко. Биылғы маусымның ең үздік ойыншысы – қақпашы Ненад Эрич. Ел кубогының иегерлері Еуропа құрлығының клубтық жарыстарында өнер көрсетіп жүр. «Ендігі мақсат – сол межені ұстап қалу», — дейді «Астана» футболшылары.

Дереккөз24.kz