Инфекция жұқтырған 729 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төлем Алматы (77), Ақмола (75) облыстарының, Алматы (74) және Нұр-Сұлтанның (67), сонымен бірге Батыс Қазақстан облысының (66) медицина қызметкерлеріне көп төленген.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға іс-шараларына тартылған медицина қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына 2020 жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге  сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

коронавирус инфекциясы немесе пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге;

– COVID-19 инфекциясын жұқтырғаннан, пневмониядан ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 миллион теңге көлемінде қаражат төленеді.