Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды

2020 жылы 14 шілде күні ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев қайтыс болды.

Бақыт Құрманбаев 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскеменде туған.

1993 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдады. 2005 жылы РФ Құрлық әскерлері әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясында білім алып, ал 2008 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірді.

2017 жылғы 6 мамырда Президент жарлығымен оған «генерал-майор» әскери атағы берілді.

2019 жылғы сәуір айында генерал-майор Бақыт Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Арыстағы төтенше жағдай салдарын жоюда айтарлықтай үлес қосып, пандемиямен күрес кезеңінің алғашқы күндерінен бастап инфекцияның таралуына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге белсенді атсалысты.

Бақыт Құрманбаев II-дәрежелі «Айбын» және II-дәрежелі «Данқ» ордендерімен марапатталған.

Артында әйелі мен екі баласы қалды.