Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Жағдай тұрақтанып келеді». Бас санитар дәрігер карантиннен кейінгі ахуал туралы

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуынша, қазір коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиология жағдайының тұрақтану тенденциясы байқалады.

14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 101 848 дерегі тіркелді. Бір тәулікте коронавирусты 476 адам жұқтырды. Қазақстанда коронавирус пневмониясының 16 666 жағдайы тіркелді. Соның ішінде кейінгі тәулікте — 934 жағдай, — деді бас мемлекеттік санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, Мемлекеттік комиссия карантин шектеулерін кезең бойынша алып тастау жоспарын бекітті және бірқатар шешім қабылдады. 17 тамыздан бастап сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, сұлулық салондары мен шаштараздар жұмысына рұқсат беріледі.

Ал түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына бұрынғысынша тыйым салынады.