Коронавирус инфекциясы бар пневмониядан 1 тамыздан бері 120 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 6 тамызда 1 424 адамнан коронавирус инфекциясы бар пневмония табылды. Оның 18-і қайтыс болды.

1 тамыздан бері бұл аурумен 11 008 адам ауырып, оның 120-ы көз жұмды.

Айта кетейік, 6 тамыз қорытындысы бойынша елімізде тағы 980 адам корнавирус жұқтырды. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 96 922ге жетті. 70 680 адам аурудан жазылды.