Байқауға 50 адамнан құралған арнайы комиссия төрелік етіп, 200 қатысушының ішінен 65 әншіні іріктеп алған. Олар қорытынды концертте жанды дауыста өнер көрсетіп, үздік деп танылған 25-не ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жыл таңдауы» алтын кубогы табысталды. Сондай-ақ, қазақ эстрадасының дамуына үлес қосқан 5 әнші арнайы жүлдеге ие болды.
Байқауға 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Ән кешінде эстрада жұлдыздары Төреғали Төрәлі, Мадина Садуақасова, Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Айдана Меденова, «Орда» тобы, Кентал мен Санда, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы өнер көрсетті. Түркияның жұлдызы Бурай Қайрат Нұртаспен бірге ән шырқады.
«Жыл таңдауы — 2016» жобасының продюсері Жан Мұқанов елімізде бұл байқау алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын, алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отырғандарын айтты.
Айта кетейік, концерт «Алматы арена» мұз айдынында өтті.