Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сыналып жатыр

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл ғылыми ұйым қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу үшін 13 биологиялық қауіпсіздік зертханасында жұмыс істейтін еліміздің жетекші вирусолог-ғалымдарын біріктіреді. Қауіпті және аса қауіпті жұмыстың барлық түрі қауіпсіздіктің 3-деңгейіндегі зертханада (BSL-3) жүргізіледі.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты — 50 жылдан астам нәтижелі жұмыс атқарған және вакциналарды өндіруде тәжірибесі мол, бірегей ұйым. Институттың зерттеулері медицина мен ауыл шаруашылығына арналған вакциналардың жаңа түрлерін жасауға, иммунобиология препараттарын өндіруге, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау үшін тест жүйесін жасауға бағытталған.

Тек кейінгі 10 жылда институт аса қауіпті инфекциялар бойынша, оның ішінде құс тұмауы мен шошқа тұмауына, нодуляр дерматитке, бруцеллезге қарсы жеті жаңа вакцина жасау технологиясын дайындады. Қауіпсіздік және иммунобиология қасиеттері бойынша соңғысы осы ауруға қарсы өзге вакциналарға қарағанда едәуір сапалы.

Сонымен қатар 2020 жылы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары түйе шешегіне қарсы вакцина жасады. COVID-19 вирусын жұқтырған алғашқы науқастар наурыздың ортасында ғана анықталғандықтан ғалымдар патология материалына тек 23 наурызда қол жеткізді. Алматының жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан алғашқы науқастардан материал алынып, БҚПҒЗИ-ға жеткізілді. BSL-3 қорғау деңгейі бар зертханада биологиялық үлгілерден VERO жасушаларының культурасында SARS-CoV-2 қоздырғышы (коронавирус қоздырғышы) ретінде анықталған вирус бөлініп, оның биология қасиеттері зерттелді.

Қысқа уақытта жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижесінде 9 мамырда БҚПҒЗИ ғалымдары алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидат вакцина ретінде тіркеді. ДДСҰ-да тіркелген күні зертхана жануарларына вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды: тышқандар, сириялық хомяктар, егеуқұйрықтар, гвинея шошқалары, паромдар мен қояндар және тағы басқа.

Бүгінде сынақ нәтижелері ДДСҰ регламенттеген барлық параметр бойынша, атап айтқанда — уыттылық, пирогенділік, аллергенділік, иммуногендік, вакцина ДДСҰ мен ҚР Мемлекеттік фармакопеясының талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен қатар ғылыми институт вакцинаны антиденелер титрі жоғары иммуногенділікті көрсеткен приматтарда да сынақтан өткізіп жатыр. Клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталғаннан кейін көп ұзамай вакцинаның клиникадағы сынақтары басталады.

Сонымен қатар зерттеу институты әртүрлі платформада тағы үш вакцинаны: СOVID-19-ға қарсы қосалқы, векторлық және тірі кандидаттық вакциналарды дайындап жатыр.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Жалпы Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бес прототипі бойынша жұмыс жүріп жатыр. COVID-19 вакцинасын жасау бойынша жұмыстардың барысына қызыққан азаматтар ДДСҰ веб-сайтында вакцинаға үміткерлер туралы жалпы шолуды оқи алады. Вакцинаға үміткерлердің тізімі үнемі жаңарып отырады. Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидат вакцина клиника зерттеуінен күзде өтеді.

Сонымен қатар мамандар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатыны туралы да айтты. Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар қауіп тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады. Вакцина алатындардың болжамды саны — 2 347 000 адам.