Ержан Имансләм Павлодар әкімі болып тағайындалды

Ержан Имансләм Павлодар әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook-те хабаралады.

Ержан Имансләм 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумын (техник-механик), 2007 жылы қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі) тәмамдады.

Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумды аяқтаған соң Ержан Имансләм Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлері қатарындағы қызметінен соң Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.

1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Имансләм Качир ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызмет атқарды. Содан кейін жеке заң тәжірибесімен айналысты, ал 2005-08 жылдар аралығында Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2008-11 жылдары Ержан Имансләм Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Имансләм Павлодар әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар әкімінің орынбасары болды.

Ол 2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді. Онда индустрия-инновациял даму басқармасында қызмет атқарды, сонымен қатар Тайынша ауданының әкімі болды.