Қызылордада карантин талабын бұзған 10 жеке тұлғаға айыппұл салынды

Қызылорда облысының тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті карантин талаптарын бұзған 10 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салды. Үш жағдай үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыруға, жеті жағдай санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамауға қатысты болды.

Карантин
Фото: Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Қатаң шектелген шаралар мен карантин талаптарына қарамастан той жасаған Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарының тұрғындарына және қорғаныш құралдарын кимей халыққа қызмет көрсеткен қоғамдық тамақтану мен дүкен қызметкерлеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы, яғни халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сонымен қатар гигиеналық нормативтердің бұзылуы бабы бойынша 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да