Алматы әкімі: Барлық қаражат коронавируспен күреске жұмсалады

Оның айтуынша, бұрын жоспарланған құрылыс жобаларын келесі жылға қалдыруға болады.

Пандемия басталғаннан кейін біз бірден барлығын (пандемиямен күреске қатысы жоқ жобаларды) тоқтаттық. Келесі жылға дейін пандемия созылмайды деп үміттенеміз. Келесі жылы жеңіл болады және біз жоспарланған құрылыс жобаларын қайта жандандырамыз, — деді әкім.

Сонымен бірге Алматы әкімі спорттық-мәдени іс-шаралар тоқтатылғанын да айтты.

Коронавируспен күреске (2020 жылдың наурыз айынан бастап) шамамен 60 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Үкіметтен 11,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру, жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, кіреберістерді, аула аумақтарын және көшелерді дезинфекциялау және тағы басқа шараларды іске асыруға бағытталды.