Гонконгта коронавирус инфекциясы қайта өршіп жатыр

SCMP басылымының хабарлауынша, Гонконг әкімшілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт артып кетуіне байланысты әлеуметтік арақашықтықты күшейту мәселесін қарастырып жатыр.

ҚХР арнайы әкімшілік ауданында 5-11 маусым аралығында COVID-19 жұқтырудың 211 дерегі тіркелді, 143 адам қайтыс болды. Осыған байланысты дүйсенбіден бастап Гонконгта балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатып, жазғы демалысқа ерте кетеді.

Гонконгтың денсаулық сақтау департаменті коронавирустың таралуын болдырмау үшін азаматтарды әлеуметтік арақашықтықты сақтауға үндеді. Сонымен бірге мүмкіндігінше көшеге шықпауды, қоғамдық іс-шараларға бармауды және қатты қажет болмаған жағдайда ҚХР әкімшілік ауданының шекарасынан аспауды сұрайды.

Кейінгі деректер бойынга Гонконгта 1 469 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да