Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі көңіл айту мәтінін жария етті:
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны болып жатыр.
Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу — Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетіп жатыр. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның — әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр.
Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін.
Бүгін, 13 шілде — коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу — жалпыұлттық аза тұту күні.
Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстанда бір минуттық үнсіздік жарияланады.
