Басты бет / Жаңалықтар /
Ермақ Сәлімов
Фото: Express-k.kz

Семей әкімі: Бүгіннен бастап жұмысымды жалғастырамын

COVID-19 инфекциясын анықтау үшін кейінгі тапсырған сараптамадан соң қатаң оқшаулау режимінде болдым, дәрігерлердің барлық талабын орындадым. Бұл шаралар денсаулығыма оң әсер етті, коронавирус анықтайтын екінші сараптама теріс нәтиже берді, — деп жазды ол.

Ермақ Сәлімов бүгіннен бастап жұмысын жалғастыратынын жазды. Сонымен бірге қолдау көрсеткен барлық жерлесіне алғыс айтты.

https://www.instagram.com/p/CCXy6jjgaYs/

Семей әкімі COVID-19 жұқтырғанын 1 шілде күні хабарлаған еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram