Қазақтар өз тарихында қазіргідей еш уақытта өмір сүрген жоқ — Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:

— Біз қазақстандықтардың 40 пайызы кедейшілік шегінен де төмен өмір сүрген кезден бастадық. 1994 жылы жылдық инфляция 3100 пайыз болды. Барлық кәсіпорындар тоқтап қалған, 2 миллион жұмыссыз. Жан басына шаққандағы  ЖІӨ 600 долларды құрады. Міне, біз осыдан бастаған едік.

Біріншіден, алғашқы 7-8 жылда біз тек тірі қалу, мемлекет ретінде сақталып үшін күрестік. Қазақстан мемлекет болмайтындығын бәрі айтты. Іште бейберекетсіздік болады деді. Біз мұның орын алмайтындығын дәлелдеуге тырыстық.

Енді ғана көтеріліп келе жатқанымызда 1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысына ұрындық, өсіп келе жатқан экономика күйреді. Мұны бастан кешіріп, өсім 9-11 пайыз болды. Егер 2014 жылға дейін есептейтін болсақ, осы уақыттың ішінде кедейшілік 3 пайызға дейін төмендеді. Үш пайыздық кедейшілік барлық жерде бар, Құрама Штаттарда  онан да жоғары.  Жан басына шаққандағы экономика 13 мың долларға жетті. Біз, қазақстандықтар ауқаттылығы орташадан жоғарыға айналдық. Халықтың табысы 20 есе өсті, экономика — 21 есе. Мен жария түрде қазақтар өз тарихында қазіргідей еш уақытта өмір сүрмегендігін мәлімдей аламын.

Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойылған әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру оңай болмайтынын, оған дағдарыс әсер етіп отырғанын айтты. Ал мақсатқа жету үшін жаңа технология, жаңа кадрлар қажет. Сондықтан қазақстандықтардың жақсы білім алғаны, дендерінің сау болғаны өте маңызды.

ДереккөзҚазАқпарат