Шымкентте Shymkent city қалашығы салынады

Шымкент қаласында бой көтеретін Shymkent city қалашығының жобасы бекітіліп, жер мәселесі 30%-ға шешілді. Жоспар бойынша, қалашық 427 гектар аумақты алып, 316 нысан салынуы керек. Оның ішінде қаладағы ең биік 25 қабатты зәулім үй, 62 гектарға саябақ, 21 балабақша да бар. Одан өзге спорт сарайы, кино, концерт залы мен түрлі мейрамханалар және бизнес орталықтары орналасады. Болашақта 70 мың адам қолжетімді баспананы осы жаңа Shymkent city қалашығынан алады. Қазір қала әкімдігінің бюджетінен қаржы қарастырылып, инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, респубикалық бюджеттен 6 миллиард 700 миллион теңге бөлінген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, жобаға қызығушылық танытып, қаражат құйғысы келетіндер көп. Бүгінгі күні газ, жарық тартылып жатыр. Келесі жылы қосылатын болады.

Дереккөз24 Хабар