Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, астанада 1946 және 1952 жылдары туған екі әйел адам мен 1963 жылғы ер адам қайтыс болды. Адам өлімін зерттеу жөніндегі комиссия науқастар коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын растады.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 100-ге жетті:
Нұр-Сұлтан – 24;
Алматы – 15;
Павлодар облысы – 13;
Шымкент – 12;
Қарағанды облысы – 9;
Ақмола облысы – 6;
Батыс Қазақстан облысы – 6;
Түркістан облысы – 5;
Атырау облысы – 3;
Қостанай облысы – 2;
Маңғыстау облысы – 2;
Ақтөбе облысы – 1;
Шығыс Қазақстан облысы – 1;
Жамбыл облысы – 1.
Бұған дейін Қазақстанда бір күнде тоғыз адам қайтыс болғаны хабарланған еді.