Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан тағы тоғыз адам қайтыс болды

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және Алматыда инфекция жұқтырған адамдар қайтыс болғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтанда 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылдары туған бес әйел адам және 1982 жылы туған бір ер адам, Шымкентте 1979 жылы туған ер адам, Алматыда 1969 және 1960 жылғы екі ер адам қайтыс болды.

Өңірлердегі коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны:

Нұр-Сұлтан — 21;

Алматы — 15;

Павлодар облысы — 13;

Шымкент — 12;

Қарағанды облысы — 9;

Ақмола облысы — 6;

Батыс Қазақстан облысы — 6;

Түркістан облысы — 5;

Атырау облысы — 3;

Қостанай облысы — 2;

Маңғыстау облысы — 2;

Ақтөбе облысы — 1;

Шығыс Қазақстан облысы — 1;

Жамбыл облысы — 1.