Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста елдегі төтенше жағдай кесіренен зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру шарасы жеңілдетіліп, бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев банктер мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездескенде банк басшыларына өңірдегі шағын және орта бизнесті қаржыландыруды күшейтуге шақырды. Ол жаппай кәсіптің дамуында банк ролі ерекше екенін айтты.
Кездесуде облыс экономикасын тұрақтандыру бағытында шара қабылдау, өңірге инвестиция тарта отырып, жаңа жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында банк басшыларының назарына қала мен аудандардағы инвестиция тартуды қажет ететін 250 жоба ұсынылды.